Бұл күндері қазақстандықтар қазақ даласының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтуде. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өлең оқу эстафетасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевта қабылдап, Абай ата өленің қалын елге оқыды.
Өтіп жатқан іс-шаралардан тыс қалмай, біздің балабақшада атсалысып жатыр. Балабақша көлемінде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармашылығына арналған "Абай оқулары" сайысы ата-аналар арасында ұйымдастырылды. Сайыстың бірінші кезеңі сырттай өтті, екінші кезеңі балабақшада ұйымдастырылды. Ата-аналар видео жазба арқылы Абай өлеңдерін оқып жіберді.
2019 жылдың 14 қарашасында балабақшада ұйымдастырылды. Сайыс үш кезеңнен тұрды. І кезең - таныстыру, ІІ кезең - Абай өлеңдері мен әндері, ІІІ кезең - қол өнері. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Белсенді қатысқан ата-аналарға алғысымыз шексіз.
Әрбір балаы Абай атамыздың өлеңін санасына құйып өссе, еліміздің келешегі ұрпағымыздың болашағы жарқын болады.
