Өрт- тілсіз жау
Жетекші орта мектебінің «Қоңырау» атты сауықтыру лагерінде өрт қауіпсіздігіне байланысты «Өрт –тілсіз жау» деп аталатын іс-шара өткізілді. Балалар «От пен су» атты би түрінде көрсетілген көріністі тамашалап, тақырыпты өздері ашты. Қауіпсіздікке байланысты қызықты викторина өткізілді, «Өртсөндірушілер» эстафетасы ұйымдастырылды. Осы өрт қауіпсіздігіне байланысты іс-шара «Өртсөндірушілер» мұражайында өз жалғасын тапты. Маусымның 9-ы Павлодар қаласындағы Өртсөндірушілер мұражайына барып, балалар көптеген қосымша мәлімет алып, ерекше әсермен легерге оралды. Мұражайдын ұнағаны соншалықты маусымның 11-і « Ашық аспан астында» атты мұражайға да барып үлгердік. Лагерге оралған соң балалар өздерінің алған әсерлерін айтты.