Телефон доверия
63-92-02
Адрес: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
63-92-02
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Басшының беті
Рысбек Естай
Рысбек Естай
Естай Рысбекұлы 1989 жылғы 14 қыркүйекте дүниеге келген.
 
2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (қазіргі Ә.Х. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті) тарих мамандығы бойынша бітірген.
 
Еңбек жолын 2011 жылы Ақсу қаласындағы Қалқаман орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Павлодар қаласындағы ИНЕУ колледжінде гуманитарлық пәндер оқытушысы, Павлодар медициналық жоғары колледжінде қоғамдық пәндер оқытушысы қызметтерін атқарды.
 
2017–2018 жылдары Катаев атындағы Оқушылар сарайында, 2019 жылы Павлодар облысы білім беру басқармасында әдіскер болып еңбек етті.
 
2020–2025 жылдары Павлодар қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары және тарих пәні мұғалімі қызметін атқарды.
 
2025 жылдың ақпан–желтоқсан айлары аралығында Қ. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің басшысының міндетін атқарушы болды.
 
2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Жетекші жалпы орта білім беру мектебінің басшысы болып тағайындалды.