
Тапқыр достар Жетекші орта білім беру мектебінде 24 қараша күні «Тапқыр достар» атты математикалық сайыс өткізілді. Бұл сайыс бастауыш сынып апталығына орай ұйымдастырылды. Сайысты 2 «ә» сынып мұғалімі Ханат Хұндыз ұйымдастырды. Оқушылар 3 топқа бөлініп тапсырмалар орындады.Тапсырмалар сабақта алған білімдері және логикалық тапсырмалардан, математикалық жұмбақтардан құрылды. Осы сайыста ерекше көзге түскен 4 «А» сынып оқушысы Айтмухамбетова Аружан. Өзінің математикаға жүйрік екенін көрсетті. Сайыс өте қызықты өтті және оқушыларға ұнады.Жеңімпаздар апталық соңында марапатталады.