Сенім телефоны
356-793
email: zhsosh@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
8(718)2356793; 8(718)2356456;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектепішілік «Абай оқулары
19-10-2016 08:25
Мектепішілік «Абай оқулары
Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыз үш номинациядан тұрды «Білімдіден шыққан сөз» Абай шығармаларын жатқа айту сайысы. Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» немесе «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» Абайдың әндерін орындаушылардың сайысы.Үшінші номинация: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» жас дарындар сайысы. Сайысқа түсуге мектебіміздің 1-9 оқушылары арасынан 33 оқушы ниет білдірді. Оқушыларды бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері дайындады. Шараның ашылуында Абай туралы слайд пен 17 қарасөзі оқылды. Сондай –ақ мектебіміздің 5а сынып оқушылары өздерінің ән- би шашуларын көрсетті. Әділқазы алқасының шешімімен жүлделі орындар бөлінді Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептің бастауыш сыныптар арасында 1 бөлім бойынша 1орын Айтмұхамбетова А, 2орын Манарбек Ә, 3 орын Айтмағамбетова М, Жұмағали Ә, Темірғалы А. 5-9 сыныптар арасында 1орын Ардаққызы А. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептің 5-9 сыныптар арасында 1 орын Фарафонова Д, 2орын Семенченко П, 3 орын Останин А. 2 бөлім бойынша 1 орын Жұмабек Н, 2 орын Гарипова Д. 3 бөлім бойынша Сағли Т 1 орын иегері атанды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Ибраева Жетекші ЖОМ 20161017_17253120161017_171205