Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
356-793
email: zhsosh@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, Мир көшесі 5/1
8(718)2356793; 8(718)2356456;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі-жұма, сағ 9:00-17:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейбіт өмірдің күәсі болыңдар, бүлдіршіндер!
03-06-2015 05:01
Бейбіт өмірдің күәсі болыңдар, бүлдіршіндер!
Cүйкімді періштелер сендерсің Қандай бейне өздеріңе тең келсін! Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен балалықты меңгерсін, - деген әдемі сөздермен бастап дәстүрге айналған Халықаралық балаларды қорғау күні Жетекші ауылында өткізілді. Аталған мереке әр елде, қалада, ауылда өз деңгейінде насихатталып жүр. Біздің мектеп бастауыш сынып мұғалімдері де осы мерекемен балалардың басын қосып тамашалауға ертерек дайындалды. Жылдағыдай жоғары сынып оқушылары сыртта қалмай мұғалімдермен бірге атсалысып өз өнерлерін ортаға салды. Сайқымазақ киімдерін киген қыздар неше түрлі күлкілі ойын-сауық өткізіп балалардың көңілдерін баурады. Төртінші сынып оқушылары сахналық көрініспен өнерлерін ортаға салса, кішкентай бүлдіршіндер би билеп мерекенің көркі болды. Ән салу өнеріне де балалардың қабілеті зор екенін көрдік. Қуанышты көңіл-күй сыйлаған концертке бірінші сынып мұғалімі Қарлығаш Леонидовна өтірікші-сотқар болып келді. Балаларды адамгершілікке, әділдікке, меірімділікке ойын арқылы үйретті. Концерттік бағдарлама барысында оқушылардың арасында асфальтқа сурет салу жарысы да өткізілді. Осы мерекені атап өткізуіміздің күәсі ата-аналар. Аталған мерекемен құттықтай келе балалардың өнерін тамашалап видео, фотоға түсіріп өздеріне естелік қылды. Бірінші маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Балаларды қорғау күні олардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім тәрбие беру, оларға жағдай туғызу, қамқор болу болып есептеледі. Осы өмірде баланың қуанған күлкісіне ештеңе жетпейді. Балалардың қайғысыз өмір кешуі барлық халықтың тілегі. Жаздың алғашқы күні күн нұрын аямай төкті, ана меіріміндей жаздың жылуы да сезіліп тұрды. Балалардың қуанышында шек жоқ. Бұл жылдың төрт мезгілінің ең сүйіктісі, өйткені балалар күн нұрына шомылып, ойын-сауық құрып, денсаулығын нығайтып жаңа оқу жылына дайындалатын кез. Тек әрқашан күн сөнбей, аспанды бұлт торламай, пәк те таза балғын көнілдерді қайғы мұң баспай, бейбіт өмірдің күәсі болыңдар, бүлдіршіндер. 20150601_103947_HDR 20150601_104413_HDR 20150601_102233_HDR 20150601_101540_HDR