Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич)
Адрес: М. Горький к-сі, 33 ғимарат
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 18-ден 19-ға дейін
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 110
отлично - 88
удовлетворительно - 59
хорошо - 58
Всего проголосовало: 315
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ
19-05-2025 16:14
МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ
2025 жылғы 15 мамырда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-6 сынып оқушыларына арналған математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
 
«Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтап, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту және ерте бейіндеу. Сонымен қатар, білім алушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттыру және республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуға ынталандыру көзделген. 2024 жылдың 14-15 қарашасында олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өтті, оған еліміздің барлық өңірлерінен шамамен 64 мың оқушы қатысты. Үшінші (облыстық) кезең 5 мамырда ұйымдастырылып, оған 5 234 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен 2 165 оқушы қатысқан болатын.
 
Төртінші (қорытынды) кезеңге үшінші кезеңнің жеңімпаздары – әр пән мен сынып бойынша үздік көрсеткішке ие болған 341 оқушы жолдама алды.
 
Аталған оқушылардың арасында № 39 мектебінің 6 сынып оқушысы Казачков Давид қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Казачков Давид - орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі бойынша II орынға ие болды.
 
Республикалық олимпиадаға дайындаған ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Сейтказина Айгуль Мукатаевна
 
Ұстазымыз бен оқушымызға шығармашылық шабыт, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!