Сенім телефоны
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич)
Мекенжайы: М. Горький к-сі, 33 ғимарат
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 18-ден 19-ға дейін
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 110
отлично - 88
удовлетворительно - 59
хорошо - 58
Всего проголосовало: 315
Смотреть результат
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Scaffold – өмір бойы қажет құзыреттіліктер
08-10-2025 23:56
Scaffold – өмір бойы қажет құзыреттіліктер
29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Астана қаласында ұлттық тренерлерге арналған тәжірибеге бағытталған "DARYA SCAFFOLD" тренингі өтті. Оған Павлодар қаласындағы пилоттық білім беру ұйымдарынан – Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта мектебі мен №39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта мектебінен 10 педагог қатысты.
SCAFFOLD – бұл Еуропалық Оқыту Қоры мен Еуропалық Комиссияның Бірлескен Зерттеу Орталығы әзірлеген құрал.
Оқу барысында біздің педагогтар SCAFFOLD-ты оқу үдерісін жобалау, сабақтар мен оқу іс-шараларын өткізу үшін қолдану мүмкіндіктерін меңгерді. Бұл құрал кез келген пән саласына бейімделе алады және білім беру жүйесінің кез келген деңгейінде, сондай-ақ бейресми оқытудың кез келген түрінде пайдалануға болады.
"DARYA SCAFFOLD" оқу орындары мен стейкхолдерлер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған, осылайша білім беру жүйесін қазіргі заман талаптарына сай нақты өмірмен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді. SCAFFOLD әртүрлі өңірлердегі әріптестермен идеялар және ортақ мәселелерді шешу жолдарымен алмасуға септігін тигізеді.