Оқушылар қаржылық сауаттылықтарын тексерді
Бүгін мектебіміздің 9–11 сынып оқушылары үшін қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
Бұл олимпиаданы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білімдері, біліктілігі мен дағдылары бар дарынды жастарды анықтау.
Оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау және танымал ету.
