Тамаша жетістік көрсетті
Елордада Республика күні қарсаңында «Елім дегендер» байқауының финалдық кезеңі ұйымдастырылды.
Жоба жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске асырылуда.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас таланттар өлеңдер оқып, өз шығармаларын қазақ тілінде ұсынды. «Эссе жазу» конкурсы бойынша мектебіміздің ұстазы Алсу Игоревна үздік атанды. Ол дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
