«Қазіргі мектеп жағдайында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру»
«Адал азамат» бағдарламасы аясында 2025 жылғы 30 қазанда мектебімізде «Қазіргі мектеп жағдайында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды мектептің ғылыми жетекшісі Айдарханова Ирина Ивановна жүргізді.
Семинар барысында педагогтар 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрық – «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» құжатындағы барлық тармақтарды егжей-тегжейлі талқылады.
Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балалармен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін қарастырды, инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Осындай кездесулер бізге кәсіби тұрғыда дамуға, тәжірибе алмасуға және әр балаға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді!
