Телефон доверия
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич)
Адрес: М. Горького, строение 33
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 18 до 19 часов
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 110
отлично - 88
удовлетворительно - 59
хорошо - 58
Всего проголосовало: 315
Смотреть результат
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Біліктілікті арттыру курсы
28-04-2010 18:00

Біліктілікті арттыру курсы

Алматы қаласында бесінші сәуір мен он алтыншы сәуір аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Қала мектептері мұғалімдерінің ішінде № 39 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Гүлнәр Шәпенқызы Әбденова да болды. Курсқа Қ.Қ.Жүнісханова ғылыми жетекшілік етті. Екі жұма тыңғылықты жұмыс істеген ұстаздар көптеген маңызды да қызғылықты семинар, дәріс алып, тренингтерден өтті.

Педагогикалық практика Абай атындағы Республикалық мамандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернатында, Шалтай Смағұлов атындағы Алматы облыстық мектеп- интернатында өтті. Жалпы 72 сағат жұмыс істеп, білімдерін жетілдірген мұғалімдер «Аудандық (қалалық) ӘК әдіскерлерінің жаңа формация қалыптастырудағы рөлі» атты конференцияға қатысты. Өзара тәжірибе алмасқан ұстаздардың бірі Гүлнәр Шәпенқызы Әдбенова мектепке көп олжамен қуанышты оралды.