Мамырдың 12 - 17 аралығында мектебімізде көркем-эстетикалық циклдағы әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Апталығы Халықаралық отбасы күніне орай өткізілген. Музыка және хореография мұғалімдері қайырымдылық концерттер өткізді.Мәжіліс залының жанында Р.К. Айтмұхамбетова технология мұғалімінің жетекшілігімен және оқушылар күшімен «АRТ № 39 мектеп» көрме ұйымдастырылды. Мектеп галереясында 5"Г" сынып оқушысы Серякова Юлияның және 9-сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстар авторлық көрмесі сәтті өткізіліп жатыр. Асфальттағы "Менің отбасым" суреттер байқауы Т.Ю. Вотчинникованың жетекшілігімен 5,6-сынып оқушыларға аталмыш тақырыпқа өз көзқарасын көрсетуге мүмкіндігін берді. 1-орынға 5Б, 5Г, 6Е сынып оқушылары ие болды;2 орын - 5В, 6Г сынып оқушылары; 3 орын – 5А, 5Д, 6Д сынып оқушылары. Воеводская Л.Л., Браун О.В., Сексембаева Р.С. мұғалімдер шараларға белсене қатысты. Өз оқушыларының жұмыстарын Айтмұхамбетова Р.К., Вотчинникова Т.Ю., Видиней О.И. ұсынды.
Көркем-эстетикалық циклдағы ӘБ апталығы