7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштер мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. 7 мамыр мерекесі қарсаныңда 6 «А» сыныбының қыз бала оқушыларының атынан ұлдарға деген ыстық ілтипатын көрсету мақсатында сынып сағаты ұйымдастырылған болатын. Сынып сағаты ұлдарымыздың жан-жақтылыған көрсететін ойындар ұйымдастырылды. Ұл балалар екі топқа бөлініп, топ басшыларға арн. ойын «Мина өрісі», интеллектуалды ойын «Солдат қандай болуы керек» және «Көңілді аспазшы» қызығушылықпен қатысқан болатын. Барлық сайыстардан өту нәтижесінде әр топтың жинаған ұпай саны есептелінді. Дегенменде достық жеңді! Мерекелік іс-шарамыздың тағы бір сыйлығы марапаттау рәсімі Оскар – 2016! Әр ұл баланың мінезіне сай номенациялар тағайындалып, Оскар статуэткасы табысталды! Мерекелік іс-шарамыз өте көңілді өтті! Сынып жетекшісі: Тугайбаева А.Т.