2016 жылдың 1 наурыз күні №36 орта мектепте қала мұғалімдеріне №39 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тұмарбекова Назгүл Елубайқызы жеті модульдің бірі - «Жас ерекшелігін сай оқыту» модулі бойынша коучинг өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Мұғалім қазақ тілі сабағында жас ерекшелігіне сай тапсырмаларды қалай дайындап, сабақта қалай қолдану бойынша нұсқаулар мен ұсыныстар берді. Мұғалімнің тәжірибемен бөлісуге әкелген материалдарына қала мұғалімдері риза болды. Тәжірибемен бөлісуге Қалалық білім басқармасының әдіскері Азанбаева Нұргүл Шалабайқызы да қатысты.