Сенім телефоны
87472570462 (педагог-психолог Постоялко Максим Николаевич); 87079948894 (педагог-психолог Жаксылыкова Еркежан Бауржановна)
email: sosh39@goo.edu.kz
Мекенжайы: М. Горький к-сі, 33 ғимарат
тел.: 67-77-00 факс: 67-77-02
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 18-ден 19-ға дейін
Оцените работу нашего сайта
Голосовать
неудовлетворительно - 106
отлично - 87
удовлетворительно - 58
хорошо - 56
Всего проголосовало: 307
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Уақытпен қадам басамыз
12-09-2017 12:13

2017 жылдың 29 тамызыда мектепте 2017 - 2018 оқу жылында педагогикалық қызметкерлердің инновациялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау мақсатында «Қазақстандағы білім беруді жаңғырту шеңберінде инновациялық мектептің даму стратегиясы» педагогикалық кеңесі өткізілді. Педагогикалық ұжымның алдында білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету, үздіксіз білім алу, мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау, дарынды балалармен жұмыс істеу тиімділігін арттыру міндеттері тұр.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары М.Х. Түлкібекова ұжымды 2016-2017 оқу жылындағы мектеп жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Директордың оқу-тәжірибе жұмысы жөніндегі орынбасары О.О. Умарова ҰБТ-2017 нәтижелерін қорытындылады.
Мектеп директоры Е.И. Булгакова «Білім беру жүйесіндегі жаңа басымдықтар, білім берудің мазмұнын жаңарту аясында білім беру мен тәрбиелеу механизмдері» атты баяндамасында Қазақстанның білім беру жүйесінің негізгі бағыттарына назар аударды.
Содан кейін педагогикалық ұжым жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтарды әзірлеу жоспары оқытушылар назарына ұсынған секциялар бойынша жұмысын жалғастырды. Топтық модераторлардың жетекшілігімен «Ақыл-ой карталары» толтырылды, бұл сабақтарды дайындаудағы қиындықтар көрсетілді. Пән мұғалімдерімен 2017-2018 оқу жылының ӘНҚ қарастырылды.
Мәжіліс залында топ жетекшілері «Ақыл-ой карталары» жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Бұл мектептің әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары және мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіру болып табылады.
2016-2017 оқу жылында тәлімгерлік аясында деңгейлік дайындықты өткен мұғалімдер оқыту жүзеге асырылды. А.К. Жумабаева, Н.Е. Тумарбекова «Іс-әрекеттегі рефлексия» курсын сәтті аяқтағандарға сертификат табыстады.
Жұмыстың маңызды шарттарының бірі мұғалімдерді ынталандыру болып табылады. «Педагогикалық құомет» барысында 2016 - 2017 оқу жылындағы пән мұғалімдерінің үздік әдістемелік бірлестіктері атап өтілді. 1,2,3 дәрежедегі дипломды бастауыш сынып мұғалімдерінің, шетел тілі мұғалімдерінің, химия, биологоя мұғалімдерінің ӘБ алды.
Мектеп рейтингісінде үздік мұғалім М.Г. Идрисова, Е.В. Трушакова, В.В. Белоусова, Т.Р. Мокроусова, Н.Ю. Крюковская болды.
Мектеп оқушыларына жазғы демалысты және мектеп ауласын сапалы ұйымдастырғаны үшін Е.А. Майлакова, С.А. Сабирова, А.А. Игнатушина, О.В. Браун, С.Р. Рахбаева, Е.В. Лаврентий, С.В. Фельдман алғыс хатпен марапатталды.
Кәсіби жетістіктері үшін ақшалай сыйлықтармен А.Г. Байменова, Т.Ю. Вотчинникова, А.Н. Колесникова, Е.А. Майлакова, Л.О. Умарова, А.А. Увалиев, А.К. Жангазин, Л.З. Сыздыкова, Т.М. Ершин, А.Н. Нурпеисов, В.А. Тамаровский, Е.А. Перевертова марапатталды.
Мектеп мұғалімдеріне мектептің имиджін қалыптастырудағы белсенді азаматтық ұстанымы үшін И.С. Аверин, С.А. Балтабаев, О.В. Браун, Р.М. Бураханова, А.К. Жангазин, И.А. Захарова, М.А. Петрова, Е.А. Перевертова, Е.И. Сизова, А.М. Сейтказина, А.А. Увалиев.
Педагогикалық ұжым педагогикалық кеңестің келесі шешіміне бірауыздан дауыс берді:
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, жаңа форматтағы оқушыларды қорытынды аттестациялауға, дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге, ОТО-да үш тілде ортаны құру бойынша жұмысты жалғастыруға бағытталған бірқатар шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында гимназияда сабақтар мен сыныптардағы білім сапасын жақсарту бойынша жұмысын жалғастыруға, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға;
- әдістемелік бірлестік жетекшілері тақырып бойынша КОЗ және КОР базасын құруға пән мұғалімдердің жұмысын үйлестіру;
- сертификатталған мұғалімдер №39 орта мектептегі желі қауымдастығын жалғастырып, «Зерттеу іс-шаралары» барысында тәлімгерлік мәселелері бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру және педагогикалық қызметкерлерге жұмыс нәтижелерін ұсыну.