ӨЗІҢДІ ТҰМАУДАН ҚОРҒА!
6 «Е» сыныбында «өзіңді тұмаудан қорға» татты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар тұмаумен және ОРВИ-мен қалай күресуге болатындығы туралы қызықты мәліметтер, суреттер дайындап әкеліпті. Балалардың дайындаған видеороликтерін көрген соң, мұрынды тазалап жүрудің маңыздылығын және оны қалай дұрыс жасау керектігі туралы қызықты ақпарат алдық. Біз сынып сағатынан түйген мәліметтерге сүйене отырып, тұмаудан сақтанудың барлық ережелерін ұстануды жөн көрдік. Тіпті өз арамызда «Денсаулығы ең мықты» деген кішігірім сайыс өткізбекшіміз.