ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЕКАДАСЫ
Қазақ тілі декадасы №39 мектепте жыл сайын қарашаның 18-28 аралығында өтеді. Декада аясында әртүрлі шаралар өткізілді. «Оқытуды жоспарлау үдерісіндегі оқытудағы бағалау әдісін қолдану» атты тақырыпқа шеберлік-сағаты декаданың бірінші күні өткізілді. Шеберлік-сағатын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Төлеубаева Г.М. өткізді. Формативті бағалау әдістері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Ұстаздар коллаборативті орта орнатып, 5 және 7 сынып оқушыларына пән бойынша формативті бағалау бойынша әзірмелерімен бөлісті.