«Біз ынтымақты отбасымыз».
Салтанатты ән әуенімен өрнектелген «1Мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне» арналған іс –шараға, 24 сәуір 2018 жылы, № 39 мектеп кітапханасына 5 в сынып оқушылары шақырылды.
«Жер», «Аспан», «Күн», «Отбасы», «Достық» деген ұғымдарды талқылау барысында, оқушылар өз ойларын шынайы түрде ортаға салды. Өткізілген іс- шара, балалардың интелектуалды, рухани- адамгершілік дамуның жоғары дәрежеде екенін көрсетті. Сынып оқушыларының әр ұлттың тілінде ән шырқауы, олардың бір –біріне деген сыйластықтарын бекіте түсті.
