Джуматаева Б.Б. — «ППТК балабақшасының үздік педагогі» республикалық байқауының қатысушысы.) Республиканский конкурс Джуматаева Б.Б. "Лучший педагог детского сада ППТК"
Алматы қаласында «Арнаулы білім беру ұйымының үздік педагогы – 2025» республикалық конкурсы өтті. Арнаулы №49 бала-бақшасының тәрбиешісі Бахытгүл Балтабаевна Джуматаева «ППТК балабақшасының үздік педагогы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Арнаулы және инклюзивті білім беруді дамыту ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған конкурс еліміздегі ең білікті педагогтарды анықтады. Облыстық кезеңде 19 маман бақ сынап, Павлодар облысынан үш жұмыс республикалық финалға жолдама алды.
Бахытгүл Балтабаевнаның жетістігі — ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі оның кәсібилігі мен тәжірибесінің нәтижесі. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
