Балабақшадағы бақшасында егін жинау.
Күз сиқыршысы келді, егін жинау уақыты! Балалар үлкен қуанышпен өз өнімін жинады. Олар тәрбиешілермен бірге жаз бойы бақшадағы өсімдіктерге күтім жасады: суару, шөп жұлу, қопсыту, және бау-бақша жақсы өніммен қуантты:қызанақ, пияз, аскөк, құлпынай, картоп.Балабақшадағы
бақша - бұл өз жұмысының нәтижесін көру мүмкіндігі. Бақшадағы бірлескен еңбек жауапкершілікті үйренуге мүмкіндік береді, еңбек дағдыларын қалыптастыруға және балалар ұжымының бірігуіне ықпал етеді. Әрине, бақша-бұл таза ауадағы еңбек, ол балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, үйлесімді дамуға ықпал етеді.







