Павлодарда 100 күйші бір мезетте ортекемен күй ойнап, рекорд орнатты
Павлодарда 100 күйші бір мезетте ортекемен күй ойнап, рекорд орнатты. 30 тамыз күні Павлодар қаласы жағажайында болған іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов, қала әкімі Хасар Хабылбеков және КИНЭС Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қатысты. Біздің мектептің 6 А сынып оқушысы Қылышбек Мейірбек, КИНЭС кітабына енді. Бұндай оқиға Павлодар қаласы үшін ең алғашқы жаңалық екен. Мейірбекке шығармашылық табыс тілейміз. Біз сенімен мақтанамыз.
