Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Калалық семинар
18-12-2008 18:00

2008 жылдың 11-ші желтоқсанында К. Макпалеев атындағы №4 жалпы білім беру орта мектебінде қалалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы:«Оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру жолдары». Бұл семинарға қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскері Бекежанова Тлектес Амантайқызы және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Осы семинар барысында мектеп тақырыбына байланысты, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері: Г.Т. Балхиянова , А.Б.Бақтыбаева, Г.Н. Сальдина, М.Т. Сейтқанова ашық сабақтар өткізді. Соңынан «Модульдік оқыту технологиясын сабақ жүйесінде қолдану» лабораториясы өз жұмысын көрсете отырып, өткізілген ашық сабақтар талданып, мұғалімдер өзара пікір алмасты.

Қазіргі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы - озық білім беру технологияларын пайдалану мен оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа тиімді түрлерін қолданысқа енгізу болып табылады. Осыған орай модульдік оқыту технологиясы пайдалану қазіргі заман талабы болып отыр.

Оны еңгізу үшін алдын ала бір қатар ұйымдастыру - әдістемелік дайындық жұмысы жүргізілді. Оқу жоспарлары оқу үрдісінің кестесі жұмыс бағдарламалар оқу үрдісін бақылау-жүйеліліктің және кезектестіктің дидактикалық ұстанымдары негізінде және пәнаралық байланыстарды сақтау арқылы жасалады.

Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі әдістемелік бірлестігінде осы жұмыстар барысы қалай өткізілуде?

Әдістемелік бірлестіктің жоғары білімді 13 мұғалімі 1-ші сыныптан 11 сынып аралығында мемлекеттік білім беру стандартының бағдарламасы бойынша оқушылардың білім мен біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс түрлері атқарылуда. Барлық оқулықтар – модульдік оқыту негізінде берілгендіктен, бастауыш сынып, орта буын және жоғары сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістерінің озық үлгілерін пайдалануда, осыған орай ашық сабақтар берді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында әрі сабақ, әрі ойын түрінде Бисембаева А.Ж., Демежанова Р.А. «Сан» туралы, «Отбасы» туралы ашық сабақтар өткізілді. Негізгі мақсат – қазақ тілінде тән дыбыстардың дұрыс айтылуын, қазақ тіліндегі сөздердің мағынасын түсіну міндеті тұр.

Оқушыларға ақпараттық тарату жолын қазақ тілінде, сабақ барысында қолдану барасында Сейтканова М.Т-ның орыс сыныптарында оқыту барысы – сөйлесу әрекетінің дұрыс айтылуын және ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Нәтижесінде оқушы нені білуі керек – міндетін оқушыларға сіңдіру. Осындай тіл дамытудың тиімді әдістерін пайдаланып жүрген Бақтыбаева .Б., Балхиянова Г.Т., Сальдина Г.Н., Смаилова Г.Н., Сеитова Г.Т., т.б. – мұғалімдерініміз оқыту ісін модульдік тәсілмен оқытып, сынақтың барлық түрін тестілеу арқылы жүзеге асырып, сабақты қызықты, тартымды өткізуде.

Сабақтың қызықты, тартымды, сапалы өткізілуі - әр пән мұғалімдерінің міндеті екені туралы айтсақ, қытай даналығында мынадай ұғым бар: «Естігенімді тез ұмытамын, Көзбен көргенімді әсте есте сақтаймын»-деген мағынаның өзі де, тіл дамыту барысында атқарылатын жұмыс түрлерін жария еткендей ауызша да, жазбаша да жұмыс түрлерін қажет етеді.

Қазіргі заман талабы - мұғалімдер алдында жаңа міндеттер қоюда, яғни оқу бағдарламасы мен оқулықтың үйлесімін жауып, оны оқушыға ең тиімді әдіс – тәсілдермен жеткізу арқылы мемлекеттік стандартты орындату.

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі А.Ж.Жұмаханова