Мектебімізде ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050» Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға байланысты жиын өтті.
Қазақстан халқын бір мақсат пен мүдденің аясына жинаған Елбасы кемел келешектің, жарқын болашақтың негізін бүгіннен қалауға шақырады. «Стратегия – ол күннен күнге, жылдан жылға еліміз бен қазақстандықтардың өмірін жақсарта түсетін нақты тәжірибе жүзіндегі істердің бағдарламасы»деген Елбасының бұл жаңа Жолдауы Қазақстанның тәуелсіздігін мәңгілік ету жолында бағдары айқын, мақсаты биік, мүддесі жоғары бағдарламалық құжат екені анық.
Қазақстан халқына 18-рет арналып отырған кезекті Жолдау «Қазақстан–2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырудағы 10 ілкімді идеяны қамтиды. ХХІ ғасырды Қазақстанның алтын ғасырына айналдыру мақсатында еліміздің жарқын жолы – Мәңгілік ел болу үшін қазақстандық патриотизмді, инновациялық жобаларды, геология, археология, көлік, энергетика, экономика салаларын, ғылым-білім, шағын және орта бизнесті дамыту тетіктерін жан-жақты баяндаған Жолдауда Елбасы қоғамды іркілместен дамыған мемлекеттердің қатарына ену жолында қызмет етуге шақырады. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметінің алдына маңызды бірқатар тапсырмаларды қойды. Бұл ертеңге деген елдің үлкен сенімін арттыратыны сөзсіз. Ал ол үшін жұмылған жұдырықтай бірлік керек. Осы бағытта мектепұжымы Елбасының жаңа Жолдауындағы маңызды мәселелерді жүзеге асыруға барынша күш салмақ.