"Ох, уж эта математика!"

"Ох, уж эта математика!" зияткерлік ойыны 5-сынып оқушыларының арасында өткізілді. 5б және 5в командалары ойында алған білімдерін, тапқыштықтарын, зеректіктерін көрсетті. Ән айтты, математика тарихынан пайдалы ақпарат берді, әр түрлі сайыстарға қатысты. Оқушыларды қолдауға ата-аналар да келді. Математика мұғалімі М.И.Құстаулетованың дайындаған іс-шарасы танымдық сипатта, қызықты болды.