Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Көктемгі мейірімділік апталығы" акциясы
20-04-2014 14:58

Сәуірдің 15-і мен 19-ы аралығында "Көктемгі мейірімділік апталығы" акциясының өткізілуі туралы ақпарат

2013-2014 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес "Көктемгі мейірімділік апталығы" акйиясы өткізілді.

Акцияның мақсаты: балалар мен жасөспірімдерде белсенді азаматтық, рухани-адамгершіліктік ұстанымдарын дамыту. Акцияның міндеттері:  балалар ортасында түрлі әлеуметтік белсенділікті көрсету, облыстық акцияға қатысушыларда өмірлік қиын жағдайға түскен балалармен қарым-қатынас жасаудың практикалық тәжірибесін қалыптастыру, "Облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымы" қоғамдық бірлестіктің қайырымдылық іс-әрекетіне қоғам мен БАҚ-тың назарын аударту. Балалар шығармашылығы үйінің мәжіліс залында "Көктемгі мейірімділік апталығының" ашылуы өтті.

15 сәуірде облыстық "Көктемгі мейірімділік апталығы - 2014" акциясы шеңберінде К.Катаев атындағы Оқушылар сарайының холлында бастапқы жиын өткізілді. К.Макпалеев атындағы №4 орта мектептің оқушылары Павлодар қ. тұрғындарын "Мейірімділік жаса" деген жазуы бар смайликтермен қуантты.