Отбасы күні
Маусымның 11-де біздің лагерьде Отбасы күні өткізілді. Осы күні «Менің отбасым», «Менің отбасымның елтаңбасы» атты сурет сайыстары өткізілді. Сайыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды: суреттер сайысында 5-отряд 1-орынға ие болды, "Менің отбасымның елтаңбасы" сайысында Самкова Ксенияның, Порфенович Дарьяның, Хуснутдинова Ляйсянның отбасылары жеңді. Сайыстық бағдарламадан кейін біз ата-аналармен бірге "Карабас", "Юркс кезеңінің паркі" ойын-сауық орталықтарына бардық.