Мектеп психологтарының жұмысы
Әрбір адам әртүрлі стресс жағдайларын басынан өткізеді. Сондай жағдайда қасында көмек көрсететін адамы болғаны дұрыс. Мектептегі ондай адам - психолог.
Осы айдың бойында біздің мектепте 10-сынып оқушыларының бейімделуіне бақылау өткізілді. Эмоциялық шиеленісті шешу үшін 10-11-сынып оқушыларына мектеп психологтары Утеуова М.С. және Косыгина И.В. диагностика өткізді.