Зияткерлік ойын

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған онкүндік шеңберінде А.В.Выгузова 7 "Б" сыныбында интербелсенді тақтаны пайдаланып, ашық сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты зияткерлік ойын түрінде өтті. Ойынның барысында оқушылар өз елінің тарихы, халықтың салт-дәстүрі туралы білімдерін толықтырды.