"Қазақстан балалардың көзқарасымен" атты суреттер конкурсы

Мемлекеттік мерекелер қарсаңында біздің мекетепте барлық жастағы оқушыларға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Солардың бірі - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған 1-4 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған "Қазақстан балалардың көзқарасымен" атты суреттер конкурсы. Балалар бұл іс-шараға белсенді түрде қатысты. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.