Үздік өлең оқитындардың конкурсы

Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 1-4 сынып оқушылары арасында үздік өлең оқитындардың конкурсы өтті. Балалар Отан туралы өлеңдерді дайындап келген. Бағалау кезінде қазылар алқасы оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуына, әртістік шеберлігіне назар аударды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. 1-орын - 2 Б сынып оқушысы Зайбель Николай (мұғалім Молдагельдинова А.О.), 2-орын - Горбачева Кристина (мұғалім Плитко Е.В.), 3-орын - 2 В сынып оқушысы Зиньков Дмитрий (мұғалім Хуснутдинова М.Ш.), 4 Г сынып оқушысы Сменцовский Антон (мұғалім Акшабаева С.А.).