"Таланттар күні"
Маусымның алтысы күні жазғы лагерьде «Таланттар күні» аталған болатын. Балалар ән айтып, би билеп, түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, өз өнерлерін көрсетті. Ең белсенді балалар түрлі номинацияларға ие болды. Таланттар сайысынан кейін балалар «Балалар техникалық мектебіне» барып өз шеберліктерін көрсетіп, ұшақтар жасады. Кейін балалар Ж.Аймауытов атындағы қазақ театрында «Маугли» қойылымын тамашалады.
