![DSC_0245](/media/img/blogs/1962471760.jpg)
![DSC_0220](/media/img/blogs/328087338.jpg)
2015 жылдың 12 қазанында К.Макпалеев атындағы № 4 орта мектебінің мәжіліс залында «Мың бала» атты байқау өтті.Бұл байқаудың ерекшелігі- өзге ұлт оқушылары мемлекеттік тілде өткізілген байқаудың сайысына ат салысты.Мәжіліс залының салтанатты көркемделуі,өзге ұлт оқушыларының ұлттық киімдері ерекше көзге түсті.Сайысты мектебіміздің «Мұрагер» ұлттық домбыра оркестрі ашты. Сайыстың I кезеңі: «Өзін таныстыру» болды. Сайыстың он бес оқушысы қазақ тілінде өлең жолдарымен таныстыруы –әділ қазылар алқасын таң қалдырды.15 оқушының Мемлекеттік тілді жақсы меңгергені анық көрініп тұрды. II кезеңдегі шығармашылық сайыста оқушылар қазақша ән шырқаса,Педченко Константин өз қолымен жасалған бесігінің макетін қазыларға сыйлады. Осы шығармашылық сайыстың ерекшелігі – оқушылардың Мемлекеттік тілге деген құрметі көрініп тұрды. Абай әндері ерекше сезіммен орындалды. Сұрақ-жауап кезеңінде оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп ,залды тағы таң қалдырды.Сұрақтар негізінен Қазақстан тарихы туралы болды.Қазақ хандығы,қазақ батырлары,қазақтың ұлттық дәстүрлері туралы білімдерін ортаға салды. Оқушылар өздерінің білімдерін ,өнерлерін таза қазақ тілінде көрсетті . Өзге ұлт оқушыларының өнерін тамашалаған . Сайысты бағалаған Облыстық мұсылман әйелдер лигасының мүшелері 9 сынып оқушысы Никандрова Маринаның өнерін жоғары бағалап,облыстық кезеңге жолдама берді. Мұғалімдер,оқушылар ,ата-аналар шексіз ризашылықтарын білдірді.Соңынан мектеп директоры Бабыкова Г.К. оқушыларды марапаттап, олардың мұғалімдеріне алғыс айтты.Келешекте осындай ұлттық дәстүрімізді,тарихымызды,мәдениетімізді дәріптейтін шаралар жиі өткізілсе,- бұл біздің ұстаздарымыздың ерен еңбегі!