«Сенім» психологиялық орталығында.
Бүгін таңертеңгілік жаттығудан кейін оқушылар «Сенім» психологиялық орталығында болды. Онда балалармен психолог әңгіме жүргізді, соңынан фильм көрсетті. Одан соң наркодиспансерден қызметкер келіп балаларға дәріс оқыды. Балалар зор ықыласпен тыңдап, көп мағлұмат алды. Содан кейін спорт залда топтар арасында пионербол ойыны өтті.