«Өркенің өссін» байқауының жартылай финалында біздің оқушылар финалға шықты.
Қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 14.05.2015 жылы қала мектептерінің 7-сынып оқушыларының аралығында өткен «Өркенің өссін» байқауының жартылай финалында К.Макпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебінің «Жалын» тобы топ жарып, финалға шықты. Сайысты өткізудің мақсаты: - Кемел болашақтың ұл-қыздарын тәрбиелеу;
- Қазақ халқының ұлттық асыл-қазынасын дәріптеу;
- Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен білім деңгейлерін анықтау.
