Шананы жазда,ал рюкзакты жорыққа қыста дайында!Жас өлкетанушылар мен туристер туризмды, оның түрлерін және алыстағы жорық ерекшеліктерін меңгеруге кірісті. Керекті жабдықсыз қандай турист болады? Сабақта балалар рюкзак қандай болатынын, оған не салатынын, жорыққа дұрыс жиналу әдістерін үйренді. Тәжірибесіз жорыққа шығуға болмайды,сондықтан балалар рюкзакты жинап, киіп көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар жас туристер ұйықтау қабын дұрыс бүктеп жинауын үйренді. Осы ұйықтау қабында олар жатып көрді, өздерін алыс таудағы шатырда жатқанын сезінді, сыныпта ауыр рюкзакпен жүріп көрді.
Жорыққа бару оңай емес! Балалар қорытынды жасады:спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын сақтау және бірінші жорықтарына жақсы дайындалу қажет. Алдыңғы уақытта туған өлкесін компьютерден,кітап беттерінен емес өз көздерімен көріп таниды.