Біздің қасымызда көмекке мұқтаж мыңдаған адам бар.Ең оңайы-көз жұмып,оларды көрмеу."Әр адам өзін қамтиды" немесе оларға көмек беру-мемлекеттің ісі деген көзқарас да бар.
Қарт адамдар аштықтан, жалғыздықтан көз жұмбасын, көпбалалы отбасы қуанышқа бөленсін, ешкім балаларын тастамасын, жетімдер жаңа ата-анасын тапсын,бірақ мемлекет халықтан тұрады.Халық-ол біз.Біз біреудің бақытсыздығын елемесек, егер қайырымдылық- біздің шаруамыз емес болса,біреудің жан жарасы қызықтырмаса,біреу оларға көмектеседі деп жүрсек,адамгершілігімізден айырыламыз."Басқалар" -өзіміз екенін сезбей қаламыз.
Біреудің бақытсыздығына, жан айғайына қол ұшын бермейтін қоғамның болашағы жоқ.
2018 жылы 10 қаңтардан 10 ақпанға дейін жалпы оқыту айлығы аясында "К.Макпалеев атындағы №4 ЖОМ"-нде "Қамқорлық" Республикалық акция өтті.
Акция мақсаты: жағдайы төмен, көпбалалы, жайсыз отбасыларының балаларына,қиын жағдайға ұшыраған балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету.