8-ақпан күні №4 К.Макпалеев атындағы орта мектепте қала мектептерінің ұстаздары бас қосты. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаздардың бас қосу мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы білім мазмұндарының таратылу барысын көрсету. Оқу ісінің меңгерушісі Абылқасова З.А. келген ұстаздарды семинардың бағыт-бағдарымен таныстыра отырып, мұғалімнің жеке міндеттеріне тоқталды, шығармашылық табыс тіледі.
Қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі Карімова А.Т. 9-сынып оқушыларының алдындағы ОЖСБ міндеттерін, жауапкершілікті талап ететіні туралы айтып, ОЖСБ бойынша өзгерістерге тоқталды. Мектептің 9-сынып мұғалімі Сейтканова М.Т. «Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу» барысы туралы презентация ұсынды. Тестілеудің барлық талаптары мен өткізілу тәртіптері туралы өз іс-тәжірибесін ортаға салды. Семинарға қатысушы ұстаздар да қазақ тіліндегі тестілеудің өзге ұлт оқушыларына мағынасы түсінікті болуына мән беру керектігін айтты. Семинардың өзекті мәселелері талқыланып, жан-жақты қызу пікірталастар өте тартымды өтілді.
«Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу» атты семинар