"Қайырымдылық вагончигі" акцияның қорытындысы.
Бүгін біздің мектепте "Қайырымдылық вагончигі" акцияның қорытындысы жасалды. Акция 2018 жылғы 30 қазаннан 1 қарашаға дейін болды. Ұйымдастырушылар 8А сынып оқушылары. Біздің қонағымыз Қоғамдық қорының директоры М.В.Гребенкина, "Добряков" клубының еріктісі Оспанова Меруерт. Акцияның мақсаты: далада қалған жануарларға көмек көрсету. 8А сынып оқушылары мерекелік концерт берді. Шара флешмобпен аяқталды.