Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Компьютер ғаламшары" атты ғаламшар күні
18-06-2019 19:24

Камал Макпалеев атындағы ЖОББМ

"ЗВЕЗДОЧКИ" атты жазғы сауықтыру лагерінде

18 маусым2019 жылы өткізілген

іс-шаралар бойынша есеп

"Компьютер ғаламшары" атты ғаламшар күні

Бүгін біздің мектеп жанындағы лагерьде "Компьютерлік ғаламшар"күні аталып өтті. Таңымыз "Сергекпіз" атты таңғы жаттығуынан басталды. Сонымен қатар тәрбиешілер "Достық үйі"атты станциялар бойынша ойын өткізді. Балалар әр түрлі жұмбақтарды шешті, өздерінің ең жақсы достарын салып, сонымен қатар олардың ерекшеліктері туралы айтып өтті. Ойын өте қызықты және танымды болды.

Біздің дене шынықтыру мұғалімдері "Богатырская потеха" атты спорттық ойынын өткізді. Балалар өздерінің физикалық, сондай-ақ ақыл-ой қабілеттерін белсенді көрсетті.

Үйірме жетекшілері қызығушылықтар бойынша сабақтар өткізді (шахмат, робототехника, компьютерлік сынып, психологтың жұмысы, кітапханадағы жұмыс және т.б.). Балалар көптеген жаңа және қызықты ақпаратты білді.

6 отряд Д. П. Багаев атындағы мұражайға барды. Д. Багаевтың мұрасын насихаттаумен қатар балалар заманауи фотографтардың шығармашылығын зерттеді, олармен сөйлесіп, презентациялар мен көрмелерді тамашалады.

Бірнеше отрядтар Ертіс синема кинотеатрына барып, онда балалар "Үй жануарларының құпия өмірі 2"мультфильмін көрді.

Бүгін қалалық саябақта "Стилисты-2019" атты қалалық шығармашылық жоба өтті. Балалар түрлі сән шаш үлгілерін жасап, өз шығармашылық өнерлерін көрсете білді. «Стильная прическа» номинациясында біздің балалар дипломмен марапатталды.

5 отряд Ж. Аймауытов театрына барып, "Ауылдағы демалыс" атты ертегіні тамашалады. Басты кейіпкерлер түрлі-түсті костюмдерде болды. Балалар өте қызықты оқиғаны көрді.