Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"ЗВЕЗДОЧКИ" атты жазғы сауықтыру лагерінде 1 ауысымның жабылу күні.
21-06-2019 16:09

Камал Макпалеев атындағы ЖОББМ "ЗВЕЗДОЧКИ" атты жазғы сауықтыру лагерінде 21 маусым 2019 жылы өткізілген іс-шаралар бойынша есеп 1 ауысымның жабылу күні. Күніміз таңғы жаттығудан басталды. Бүгін жазғы лагеріміздің салтанатты түрде жабылу сәті. Бұл күні балалар «Жаздың қызықты сәттері» атты тақырыпта асфальтта сурет салып, шығармашылық қиялдарын жүзеге асырды. Кейін дене шынықтыру мұғалімдері балалармен спорттық эстафеталарды өткізді. Ең белсенді отрядтарды грамоталармен марапаттады. Лагеріміздің жабылуына орай концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар өз өнерлерімен қуантты. Сонымен қатар шағын әзіл-ысқақ қойылымдар қойылып, мерекеміз «Бремен музыканттары» атты ертегімен аяқталды. «Менімен биле», «Қуыршақтар биі», «Әсем ән» және т.б. әндер орындалды. 1 ауысым бойынша жиналған жетітсіктер негізінде балаларды дипломмен және тәтті сыйлықтармен қуанттық. Әрине, естелікке фотосурет жасап қоштастық!