Инклюзивті білім беру жағдайында балаларды сүйемелдеу
2020ж.23.01 "К.Макпалеев атындағы ЖОМ"базасында қалалық психолог-медициналық педагогикалық кеңес беру мамандарымен жақын орналасқан мектептері мұғалімдеріне "Инклюзивті білім беру жағдайында балаларды сүйемелдеу" тақырыбына семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты: жалпы білім беруге енгізілген ЕБТ оқушыларына педагогикалық қолдау технологиялары мен мазмұнын,бағыттарын талқылау үшін диалог алаңын құру.
Модераторы-Павлодар қаласы ПМПК жетекшісі С.А.Айтбаева семинарға қатысушыларға осы тақырыптың өзектілігіне назар аударды. Кездесу барысында жаңартылған білім мазмұнын енгізу жағдайында ЕБТ балаларын оқытуға байланысты мәселелер талқыланды.