Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
“Оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық ізденіс жолдарын арттыру”.
15-02-2011 06:22

Менің еңбек өтілімім барлығы қырық жылдан асады. Оның он төрт жылы педагогика саласында. Павлодар қаласындағы №4 К.Макпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 2001 жылдан бастап «технология» пәніненн ағаш щеберханасында ұстаздық етіп келемін.
Мектебіміз 1970 жылдарда салынған ескі мектеп болғандықтан, құрал-жабдықтар, станоктар тозып қалған еді. Биыл жылдың басында, соларды жаңа Қытай жабдықтарымен жаңарттық. Сапасы төмен болса да, жұмыс істеуге жарайтынына көзіміз жетті. Бір өкініштісі, мен сұраныс берген оқу процессіне өте қажет станоктар, мысалы бұрғы станогы, темір жонатын токарь станогы келмеді. Олардың орнына ағаш-фрезер станогы келіпті. Сол сияқты, ағаш верстагының орнына, темір верстагы келді. Бұл жағдай оқу барысына елеулі әсерін тигізеді. Сондықтан сұраныс жасаған станоктар кейінгі оқужылдарында келеді деген үміттемін.
Сонымен бірге, «Оқушылардық қызығушылығын, шығармашылық ізденіс жолдарын арттыру» тақырыбында өз ойымды ортаға саламын.
Мен өз тәжірибемде белгілі дәстүрлі оқыту әдістерімен бірге, репродуктивті жеке ізденіс әдістерін қолданамын. Оның мағынасы, белгілі бір мәселені шешкенде, оның жауабы толық ашылмайды. Ол жауабты оқушылар өздері ізденіс жасап, өздері шешулері керек. Сол сияқты оқушының шығармашылық ынтасын арттырудың бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде өзім қолданатын үш түріне тоқтала кетейін.
1) Технологиялық картаны пайдалану;
2) Оқушының жеке қызығушылығы;
3) Шығармашылық жоба.
Әр тақырыпқа байланысты технологиялық карталарды пайдаланылады. Оның мәні: негізгі технологиялық операциялардың кезектесіп келетін ретінің сызбалары мен пайдаланатын құралдары. Осы картаның сызбаларын қағаз бетіне түсіріп, құрастырған кезді кейбір элементтері саналы түрде көрсетілмейді. Көрсетілмеген элементтерді оқушылар өз қабілет-мүмкіндіктеріне қарай шешулері керек. Белгілі мерзімдерде технологиялық карталардың шешімдері күрделене береді. Бастапқыда кейбір жағдайларда менің көмегім арқылы жұмыс жасаса, кейін өз бетінше ынталанып, сызылған өздерінің карталары бойынша, тәжірибе жүзінде берілген дайындамалардан технологиялық карталарға сай бұйымдарды жасап шығарады. Әрине, жұмыстың сапасы әр баланың қабілетіне қарай әр түрлі болады. Сонымен бірге, барлық еңбек жұмыстары, құралдарымен немесе станокта істегенде қауіпсіздік ережелері қатаң қадағалаудан басталатынын ескерткім келеді.

Оқушыларды іздемпаздыққа бейімдейтін басты шара – ол жеке басының қызығушылығы. Ол әсіресе, ата-аналарына, туған күндеріне, мерекелеріне, сый бұйымдарын жасағанда айрықша байқалады. Керекті дайындамаларды да өздері әкеліп, ерекше әсермен бар шеберлігін салып істейді. Өз қолымен жасалынған бұйымның қымбат болатыны осындайда аңғаруға болады. Мектебіміздің шеберханасында өте жақсы істелінген бұйымдарға «өз қолымызбен» атты бұрыш ұйымдастырылған. Онда әр сынып оқушыларының қолымен істелінген бұйымдар қойылған. Бұл өтек жақсы өнеге, үлгі. Басқа оқушылардың қол шеберлігінің шығармашылық ізденуіне жақсы әсерін тигізеді.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін пайдаланатын әдістің келесі бір түрі – шығармашылық жоба. Оқушыларға дайын жұмысты қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденіп, дербес әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау, жобалау технологиясының негізі.
Оның мақсаты: оқушының қызығушылық ынтасын дамыту. Өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың болашақта кез-келген жағдайда әр түрлі қоғамдық ортада өзін - өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы шығармашылық жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашақта дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Осы талаптарға сай боларлықтай шығармашылық жоба ретінде Павлодар қаласы мектептерінің арасында болған технология пәні бойынша өткізілген олимпиада жүлдегері 8-сегізінші орыс сыныбының оқушысы Кенжебаев Мергеннің жобасын ұсынамын.
Сөз соңында: оқушылардың іскерлігін, икемділігін, шеберлігін дамытып жұмысты өз бетінше орындауға ептілік деңгейін көтерін «Білемін», «Үйренемін», «Білгенімді іске асырамын» деген өмірлік принциптерді, бала бойына қалыптастырып, олардың шығармашылық ізденістерін арттыруда қолдан келгенше ұстаз ретінде еңбек ете беремін деп сендіргім келеді!