Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!
Наурыз – бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.
Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз!
Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!
Көктем жылуы мен өмір қуанышын, мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз! Әрқашан жаныңыз ізгі, көңіліңіз көтеріңқі болсын!