Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілерінің МЕ кездесуі

2 сәуірде «Павлодар қаласының Макпалеев атындағы орта мектебі» ММ-де орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілерінің кездесуі өтті. Оның барысында қашықтықтан оқыту технологиялары, сондай-ақ оның компоненттері мен принциптері қарастырылды. Интернет-конференцияларға қатысқандар оқу материалдарын түсіндіру, сонымен қатар кері байланыс пен рефлексия үшін пайдалануға болатын әртүрлі Интернет-платформалармен тәжірибеде таныстырылды. @otdelobrazovaniyapvl