«Заң мен тәртіп» айлығы аясында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, 2026 жылғы 28 қаңтарда М.М.Қатаев атындағы Оқушылар сарайында «Заң мен тәртіп» атты құқықтық интерактивті квест-ойын өткізілді. Аталған іс-шараға А. Шәмкенов, 47 мектеп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің 10–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, жеңіске жетті.
Интерактивті квест-ойын оқушылардың қаржылық шешімдерді саналы қабылдауына, құқықтық нормаларды сақтауға бағытталған практикалық дағдыларын қалыптастыруды мақсат етті. Ойын барысында қатысушылар жағдаяттық тапсырмаларды орындап, ықтимал қауіптерді талдады, негізделген шешім қабылдауды және командада тиімді жұмыс істеуді үйренді. Мұндай формат теориялық білімді бекітіп қана қоймай, оны шынайы өмірге барынша жақын жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді. Интерактивті тәсіл оқушылардың қызығушылығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытады және маңызды тақырыптарды жастар үшін қолжетімді әрі тартымды етеді.
