Телефон доверия
Адрес: Павлодар қ., Гагарин к., 58/4
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 15.00 -17.00
Мұзбалақпен бірге рухани жаңғыру
05-02-2026 11:19
Мұзбалақпен бірге рухани жаңғыру

Павлодар қаласының 47 жалпы орта білім беру мектебінде «Болашақ бастар бес жоба» мектепішілік оқушыларға арналған жобалар бағдарламасының бір бағыты «Кинопедагогика» жобасы аясында тәрбиелік-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар «Мұзбалақ» атты отандық анимациялық фильмді қызығушылықпен тамашалады.Анимациялық фильмнің мазмұны арқылы оқушылардың патриоттық сезімі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен рухани құндылықтарға құрметі нығая түсті. Көрсетілім соңында ұйымдастырылған пікір алмасу барысында оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, мультфильмде көтерілген идеялар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне сыни тұрғыдан баға берді. Бұл іс-шара аптаның әр бейсенбісінде өз жалғасын табады.