«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8–11 сыныптарынан 55 оқушы қатысты. Олардың қатарында Павлодар қаласының №25, 29, 47 және М.Әлімбаев атындағы мектептердің қалалық кезеңнен өткен 4 жеңімпазы бар.
Байқау 2026 жылғы 14 сәуірде «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінде өтті. Ұйымдастырушы – облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. Қатысушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін төрт бағыт бойынша көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. І орынды «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» бағыты бойынша №29 мектептің 10 сынып оқушысы Абдувалиева Жансулу жеңіп алды. ІІ орынды «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша №47 мектептің 10 сынып оқушысы Мұратбек Мөлдір иеленді. Сондай-ақ, «Бәрінен де сен сұлу» номинациясы бойынша №25 мектептің 9 сынып оқушысы Сарқыт Әдемі үздік деп танылды.
