Құттықтаймыз!
Павлодар қаласы білім бөлімінің «Жүрекке жол тапқан педагог» номинациясының иегері Сағымбаев Рустам Бахытбековичті шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат – ұстаздық жолдағы табанды еңбек пен кәсіби шеберліктің, шәкірт жүрегіне жол тауып, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектің лайықты бағасы.
Рустам Бахытбековичке зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбегіне толағай табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанып, абыройыңыз асқақтай берсін!
