Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Атамекен - туған жер
19-04-2011 11:27
Атамекен - туған жер

Атамекен – ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған «кір жуып, кіндік кескен» аймақ, өңір, өлке, ата-абаларымыз  тұрған қоныс. Бабаларымыздың ұрпағына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы. Ата жұртын өзге елде өмір сүріп жатқан қандастарымыз сағынышпен жырлайды. Бұл жөнінде «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдан-ақ ұғынуға болады. Халқымыз Қазақстанымызды әрқашан да жан-тәнімен сүйген. Өз елінің ұлы адамдарын мақтан тұтып, сол адамның атымен елді мекенді атаған. Өз елінің байлығын, сұлулығын жырға қосып мадақтаған. «Жайлаукөл кештері», «Сыр өңірі», «Туған жер», «Атамекен» т.б. әндерімізді тыңдағанымызда, әннен жүректі жарып шыққан туған елге деген махаббатты сезінеміз.

            Мен де өз елімді сүйемін.Бала кезімнен туған жер туралы әңгімелер мен әндерге құлақ түріп,анамның, туыстарымның айтқандарын жадымда сақтап, іштей мақтаныш сезіміне бөленетінмін. Бірде қаламыздағы С.Торайғыров атындағы көше бойында  тұрған мүсінге қарап, анамнан кім екендігін сұрағанымда, анамның ол туралы айтып бергенін жадымда ылғи сақтап жүремін. Мен өзім де көркем суретпен айналысамын. Өз туған елімнің таиғатын өз танымым бойынша қағазға түсіремін. Бұл менің ең сүйікті, ен мен үшін қызықты болған тақырып. Алдағы уақытта Баянауыл өңіріне барып, әйгілі жерді өз көзіммен көріп, сурет салғым келеді. Өнерім арқылы халқыма, ата-мекеніме барынша қызмет етіп, өз ізімді қалдырғым келеді.

Мадина ТАЙКЕНОВА,

9 «а» сынып оқушысы.